-A A +A

Мақалалар

Даулы мәселелерді шешудегі «Медиация туралы» заңнаманың тиімділігі

Елімізде  дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы»  Заңы қабылданып, жария етілді.Аталған Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын  азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолданылады.

Гендерлік теңдік стратегиясы

Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
      "Gender" сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.

         Мемлекет басшысы бекіткен Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлермен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның  өзера тиімді әрекет  етуіне бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық індет-оны жою міндет

Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болып табылады. Қарапайым халықтың мемлекеттік қызметке сенімін жоғалтатын, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, іргесін сөгетін бүгінгі таңдағы қауіптің бірі –сыбайлас жемқорлық.

Мемлекеттік тілді дамыту баршамызға ортақ міндет

        Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әрбір мемлекеттің өзінің заңды түрде мемлекеттік тілі болады. Ал, біздің мемлекетіміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанда қазақ тілін әр азамат білуі, құрметтеуі керек. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, ең бай тілдердің бірі.

Электрондық цифрлық қолтаңба

Электрондық қызмет ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырған құжат арқылы алынады. Электрондық цифрлық қолтаңба – қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең. Ол электрондық құжаттардың анықтығын, оның тиесілігі және мазмұның өзгермейтіндігін растайды. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады.

Уақытпен үндескен жоба

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу – еліміздің кезекті жеңісі және халықаралық  қауымдастықтың біздің жетістіктерімізді мойындауы. Елбасының демократиялық қоғам құру, бәсекеге қабілетті экономикалық жүйені қалыптастыру,  сонымен қатар  еліміздің  бәсекеге  қабілетті  30 мемлекеттің қатарына кіруі жолындағы айқын қадамы.

Жұмыстын бағасын беретін-халық

Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам. Сондықтан, елдегі бар игілік азаматтардың өзі үшін, олардың жайлы өмір сүруі үшін  жасалады. Ал, сол колға алынған  жұмыстын  нәтижесін  көретін де, бағасы беретін де тағы халық екенін есімізден шығармауымыз керек. «Қалыптан ассаң да халықтан аспайсын», «Халыққа қарсы шығу – ағысқа қарсы жүзу» дегенді де бабаларымыз тегін айтпаса керек.

Жолдауға – қолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндетіне сай биылғы жылы да Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауын арнады. Елбасының дүниежүзіндегі саяси және экономикалық дағдарыс кезіндегі «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен арнаған биылғы Жолдауының жүгі ауыр, маңызы ерекше.

Зияткерлік меншік

         Зияткерлік меншік – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны, жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелерінен туындайтын айрықша меншік. Зияткерлік меншік материялдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқығы иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадамының» мақсаты мен міндеттері жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайында өмір сүру үшін қоғамды дайындауды, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктерді кең қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табуды, құқық пен әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қарым-қатынастарды бекітуді құрайды.

Беттер