-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау

2017 жылдың 09 қарашасында Алакөл аудандық Әділет басқармасымен жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - осы саладағы заңнама бойынша түсініктеме беру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Семинар - кеңес барысында әділет басқармасының жетекші маманы авторлық және сабақтас құқықтардың өзектілігі мен негізгі ерекшеліктері аталып өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларды зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық актілермен таныстыру, авторлық құқықтардың негізгі ерекшеліктері, оларды қорғаудың нақты тәсілдерін түсіндірді. Тауар таңбаларын тіркеу мәселелер талқыланды.

 

Алакөл аудандық Әділет басқармасы