-A A +A

Жаскент ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізілді

       28 маусым  2017  жылы  Панфилов  аудандық  Әділет басқармасы ұйымдастыруымен  Жаскент  ауылдық округінде халықпен  кездесу  өткізілді. 

Халықпен кездесуге жылжымайтын мүлікке  құқықтарды  мемлекеттік тіркеу  бөлімінің  инспекторы, аудандық   жекеше   нотариус және адвокат қатысты. 

Іс-шараның мақсаты - халықтың  құқықтық  мәдени деңгейін арттыру, халыққа  құқықтық  тегін  көмек  көрсету.

Тұрғындар  арасында қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп,  сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар  аясында  кеңестер  мен  түсініктемелер  берілді.

 

Панфилов   аудандық   Әділет  басқармасы