-A A +A

Жамбыл ауданы Әділет басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

 2017 жылдың 21 маусымында  Таран селолық окургінде «Ашық есік күні»  ауыл тұрғындары арасында өткізілді.     

Іс-шара мақсаты: халыққа тегін заңнамалық кеңес және заң тұрғысында көмек көрсету.  

Аталған іс-шараға Жамбыл аудандық әділет басқармасының қызметкерлері, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері, жекеше нотариус және аумақтық сот орындаушылар бөлімінің инспекторы қатысты.    

Шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,  заңды тұлғаларды тіркеу, мұрагерлікті қабылдау және алимент өндіру бойынша сұрақтар көтерілді,  қатысушылармен   қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауаптар берілді.   

«Ашық есік күні» іс-шарасы барысында 100-ге жуық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен әзірленген  заңдық кеңес мазмұнындағы жадынамалар таратылды.

         

Жамбыл аудандық Әділет басқармасы.