-A A +A

Заречный ауылдық округінде кездесу өткізілді

2017 жылғы 23 қарашасында Қапшағай қалалық Әділет басқармасының қызметкерлері, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен, адвокаттармен, сот орындаушыларымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен түзету колонияларында бас бостандықтарын шектеу мерзімін өтеп жатқан тұлғаларға құқықтық көмек көрсету үшін Заречный ауылдық округінде орналасқан Алматы облысы бойынша ҚАЖК  "жоғары деңгейдегі қауіпсіздік" "ЛА 155/12 Мекемесі" ММ кездесу  ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Алматы облысы бойынша ҚАЖК  "жоғары деңгейдегі қауіпсіздік" "ЛА 155/12 Мекемесінің" сотталушылары А.Б.Есенгарев, М.Б.Қадырбаев, К.Б.Кикеев, М.М.Садыров бас бостандығын шектеу орындарынан уақытынан бұрын босатылу, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық Кодекстеріне, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң жобаларының тұжырымдамасына өзгерту енгізуге қатысты құқықтық реформа, бас бостандығын шектеу орындарында жұмысқа тұрғызу және өзге мәселелер туралы сұрақтар берді.

Сонымен қатар, өткізілген іс-шара аясында ақпараттық-насихаттау тобы Алматы облысы бойынша ҚАЖК ЛА 155/12 Мекемесінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсініктеме берілді.

Өткізілген іс-шара қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын әрі қарай жетілдіру мақсатында осындай қарым-қатынастағы пікірталастарды өткізу қажеттілігі туралы біріңғай тұжырымға келді.

Іс-шара соңында Әділет басқармасының бас маманы С.Мұқашева барша қатысушыларға құқықтық түсіндіру жадынамалар таратты.

 

Қапшағай қалалық Әділет басқармасы