-A A +A

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау істері бойынша сот практикасы туралы

2017 жылдың 06 қарашасында Ескелді аудандық сотында Ескелді аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық прокуратураның қатысуымен «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау істері бойынша сот практикасы туралы» семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету.

Семинар барысында қатысушыларға туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы, соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды қандай тәртіппен қарайтындығы,  заң бойынша мұраға құқықты ресімдеу жайлы айтылып өтті.                                                                       

                                                                         Ескелді аудандық Әділет басқармасы