-A A +A

Заң жобаларының негізгі бағыттары талқыланды

2017 жылдың 01 қарашасында Алматы облысы әкімдігінде аудан және қала әкімдері,  маслихат депутаттарының, мемлекеттік, құқық қорғау және сот органдарының, қоғамдық кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастығы өкілдерінің, нотариустардың, адвокаттардың қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының негізгі бағыттары бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңес барысында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы М.Қаныбеков, өз сөзінде, Заң жобасы - азаматтардың кәсіби заң көмегін алу барысында олардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін күшейтуге, адвокатура институтын нығайтуға, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 

Алматы облысы Әділет департаменті