-A A +A

Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 21 қараша айында Алакөл аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен және адвокаттармен бірлесіп Үшарал қалалық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік кызметтер көрсету процессін жетілдіру.

Іс-шара барысында жылжымайтын мүлікті тіркеу  талаптары, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы   мәселелер талқыланды.

Іс-шараның соңында барлық қойылған сұрақтарға білікті жауаптар берілді.

Алакөл аудандық Әділет басқармасы