-A A +A

Текелі қаласының әділет басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 07 қарашасында Текелі қаласы әділет басқармасының қызметкерлері Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – ХҚКО» департаментінің Текелі қалалық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен,  халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс – шараның мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету заңдылықтарын түсіндіру үшін білікті заң көмегін көрсету, әділет органдарының Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде және Дүниежүзілік Бакнкі «Doing Business» рейтингісінде «Мүлік құқығы» индикаторы көрсеткіштерін жақсарту бойынша түсіндірілді. 

Дөңгелек үстел барысында, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласына қатысты кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Соңымен қатар, ХҚКО-қызметкерлеріне заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау барысында туындаған мәселелер бойынша заңды кеңестер берілді.

 

Текелі қаласының әділет басқармасы