-A A +A

Текелі қаласы әділет басқармасымен дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 29 қарашасында Текелі қаласының Әділет басқармасының қызметкерлері Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – ХҚКО» департаментінің Текелі қалалық бөлімімен, Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдерімен, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімімен, Текелі кенді қайта өндеу кешені ЖШС   қызметкерлерінің қатысуымен,  жылжымайтын мүлікке мемлекеттік құқықты тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс – шараның мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету заңдылықтарын түсіндіру үшін білікті заң көмегін көрсету, әділет органдарының Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде және Дүниежүзілік Бакнкі «Doing Business» рейтингісінде «Мүлік құқығы» индикаторы көрсеткіштерін жақсарту бойынша түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы сұрақтар талқыланды. Соңымен қатар, мемлекеттік тіркеу кезіндегі құжат рәсімдерін оңтайландыру бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы түсініктемелер берілді.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қатысты сұрақтардың барлығы қарастырылды.

 

Текелі қаласының әділет басқармасы