-A A +A

Тауар таңбаларын құқықтық қорғау

2017 жылдың 13 шілдесінде  Әділет басқармасының қызметкерлері, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінің  қатысуымен зияткерлік меншікті қорғау бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінің көрсеткіштерін жақсарту   мақсатында Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Жамбыл аудандық филиалы ғимаратында шағын және орта бизнес өкілдеріне Тауар таңбаларын құқықтық қорғау акциясы өткізілді.     

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасында  тауар белгісін тіркеу реті мен тауар белгісінің ұғымын түсіндіру және кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін жоғарлату болды.   

Шара барысында Қазақстан Республикасының  «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»  Заңының  4 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ, тауар белгісі туралы заңды бұзған үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 158 бабына сәйкес қандай жауапқа тартылатыны  туралы түсіндіріліп және  тауар таңбасын тіркеу бизнесті және іскерлік беделді қорғаудың сенімді әдісі болып табылатыны атап өтілді.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен әзірленген  заңдық кеңес мазмұнындағы барлығы 300-ге жуық жадынамалар таратылды.                                             

                                                            Жамбыл аудандық әділет басқармасы