-A A +A

Нотариаттық және адвокаттық қызмет бойынша семинар өткізілді

09.11.2017 жылы Алматы облысы Әділет департаментімен Алматы облысы әкімі аппаратының, Алматы облыстық сотының, Алматы облысы адвокаттар алқасының, Алматы облысы нотариаттық палатасының өкілдерінің, сондай-ақ құқықтанушы-ғалымдардың қатысуымен сот дауларын азайту үшін мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру мақсатында «Мәмілелер бойынша сот даулары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында нотариустармен куәландырған мәмілелерге қатысты талап-арыздар бойынша азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын сұрақтарды қарастырылды.

Сондай-ақ, семинарда қатысушылардан нотариат саласын әрі қарай дамыту және нотариустың қоғамдағы беделін арттыру бойынша ұсыныстар түсті.

 

Алматы облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі