-A A +A

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2017 жылдың 27 қарашасында Алакөл аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерінің ұйымдастырыуымен Ішкі істер басқармасының қызметкерлері және кітапханашылардың қатысуымен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – міндетті медициналық сақтандыру және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Кездесу барысында медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі және тұтынушыларға ұсынылатын медициналық қызметтері туралы айтылды.

 

Алакөл аудандық Әділет басқармасы