-A A +A

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

2017 жылдың 22 қарашасында Кербұлақ аудандық Әділет басқармасымен, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен, жекеше нотариустардың қатысуымен міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің мақсаты – азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдау құқықтары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 

Кездесу барысында медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі және тұтынушыларға ұсынылатын медициналық қызметтері туралы талқыланды.

 

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы