-A A +A

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өткізілген семинар

2017 жылдың 21  қарашасында Ескелді аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі инспекторларының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында жиі туындайтын мәселелер, жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, басқарма басшысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының стандарттары мен регламенттерінің талаптары бойынша түсініктеме беріп өтті.

 

  Ескелді аудандық Әділет басқармасы