-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамалардың талаптары мен нормаларын түсіндіру және құқықтық кеңес беру іс-шарасы өткізілді

2017 жылдың 10 қарашасында «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамалардың нормалары мен талаптарын түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық ақпараттануын арттыру, олардың Заңға деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру, сонымен қатар қолданыстағы заңнамалардың нормалары мен енгізілген өзгерістер бойынша құқықтық көмек көрсету, оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша диалогтық алаң құру мақсатында өткізілді.

Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, сот сараптамалары институтының, аумақтық сот орындаушылары палатасының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Қарастырылған мәселелердің қорытындысы бойынша барлық азаматтарға әділет органдарының құзыретіне жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық көмек, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында түсініктемелер берілді.

 

Алматы облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі