-A A +A

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Алматы  облысының  Әділет департаменті   2017 жылдың 28 маусымында сағат 10:00-нан  12-00-ге  дейін  азаматтарға адвокаттармен тегін заң кеңесін беру мақсатында  «Ашық есік» күні өткізілетінін хабарлайды.   

Осы іс-шараның  шеңберінде барлық өтініш білдірген азаматтарға адвокаттармен тегін құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктемелер беріледі.

Заң кеңесін алуға ниет білдірген  барлық азаматтарды «Ашық есік» күніне қатысуға шақырамыз.

Мекен – жайымыз:  Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, №69  Алматы облыстық адвокаттар  алқасының  ғимаратында жүзеге асырылады, байланыс нөмірі: 8 (7282)  24-40-33, 24-32-54, 24-01-47

                  Алматы облысының Әділет департаменті