-A A +A

Кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 20  қарашасында Ескелді аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлер субъектілеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласына қатысты заңнамалық актілерге түсіндірме беру және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау барысында заң көмегін көрсету.

Кездесу соңында қатысушыларға қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берілді.                                                              

  Ескелді аудандық Әділет басқармасы