-A A +A

Кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 29 қарашасында Ескелді аудандық Әділет басқармасы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және зияткерлік меншік құқығын қорғау қызметінің жетекші маманы Н.Серғазиновтың ұйымдастыруымен аудандық кәсіпкерлердің қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - кәсіпкерлерге қолданыстағы Заңнама нормалары, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібі,   бизнесті жүргізу және дамытуға бағытталған рәсімін оңайлату бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру.

Кездесу соңында, қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіліп, қойылған сұрақтарына толықтай жауап берілді.  

 

                                                              Ескелді аудандық Әділет басқармасы