-A A +A

Кербұлақ ауданында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 28 маусымында Кербұлақ аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Кербұлақ аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы және Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімінің қатысуымен Қарымсақ ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. 

Кездесудің мақсаты: ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру тәртібі және ҚР қолданыстағы Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында құқықтық-ақпаратты насихатау, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру.

Кездесу барысында қойылған сұрақтар бойынша қанағаттанарлықтай жауаптар беріліп және ортаға салынған ой-пікірлер толыққанды назарға алынды.

 

Кербулақ аудандық Әділет басқармасы