-A A +A

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасында жеке және заңды тұлғалармен кездесу өткізілді

 2017 жылдың 05 желтоқсанында Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерінің ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғалармен әділет органдарының лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау жайында кездесу өткізілді.

Кездесуде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу тәсілдері және әкімшілік реттеудегі дауласудағы заңнаманың тиімділігі және мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау тәртібі, меншік құқықтарын тіркеу мәселелері  жайында айтылды. 

Кездесу сонында, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индикаторының көрсеткіштерін жақсарту бағытында дайындалған жадынамалар таратылды.