-A A +A

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдау өткізілді

 2018 жылдың 11 қаңтарында  Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Умаров «Нұр Отан» партиясының 2018 жылға арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтарды қабылдады.

Қабылдаудың мақсаты - азаматтарда жиі туындайтын сұрақтарға заңнама нормаларына сәйкес жауаптар беру және Әділет органдарының қызметі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қабылдауда жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тарату мәселелері бойынша сұрақтар қаралып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.

 

 

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы