-A A +A

Кербұлақ аудандық әділет басқармасымен ашық есік күні өткізілді

 2017 жылдың 29 маусымында Кербулақ аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен жекеше нотариустармен, адвокаттармен бірлесіп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы» - «ХҚКО» департаментінің Кербұлақ аудандық бөлімінің ғимаратында халыққа тегін құқықтық көмек көрсету аясында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: ауыл тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсету және де құқықтық мәдениетін көтеру.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына  тегін заңгерлік көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктемелер берілді.