-A A +A

Қазақстандағы осал топтарға арналған құқықтық көмек жүйесін жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 24 қарашасында Алматы облысының Әділет департаменті  «Қазақстандағы осал топтарға құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру» жобасы шеңберінде дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара барысында жоба аясында зерттеудің негізгі нәтижелері қарастырылды, оның мақсаты әлеуметтік қорғалмаған топтарға, атап айтқанда қиын өмірлік жағдайдағы әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, балалар үйлерінің түлектеріне, сотталғандарға мемлекет кепілдік берген заңгерлік көмек көрсету жолындағы бар кедергілерді талдау болып табылады.

Сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсетуде халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау жолдарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

  

Алматы  облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі