-A A +A

Қазақстан Республикасының “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылау

07 қараша 2017 жылы Ескелді аудандық әділет басқармасы 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізгі талаптарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарау бойынша басты талаптар талқыланды, бұл барлық мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыты болып табылады.     Сонымен қатар, әкімшілік тәжірибе бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттамалар толтыру, «Web-1АП» веб-порталында ақпараттық есептік құжаттарын толтыру бойынша сұрақтар талқыланды.

                                                                         Ескелді аудандық Әділет басқармасы