-A A +A

Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру

29 қараша 2017 жылы Ескелді аудандық Әділет басқармасында аудандық ХҚКО бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру» тақырыбында семинар өткізілді. 

 Семинардың мақсаты «Міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңызы», Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында медициналық қызмет сапасын бағалаудың жүзеге асырылуы және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы ҚР заңының негізгі қағидаларын түсіндіру.

 Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптерін талқылады.                                                           

     

                                                              Ескелді аудандық Әділет басқармасы