-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

            2017 жылдың 22 маусымында Ақсу аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Ақсу ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында, ауыл тұрғындарына «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

           Акцияның мақсаты: азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық кеңес беру. Акция шеңберінде барлық өтініш білдірген азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

           Акциясы барысында,  барлық келген азаматтарға заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығын электрондық түрде тіркеу, барлық қойылған сұрақтар бойынша  тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілді.

           Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген  жадынамалар таратылды.

Ақсу аудандық Әділет басқармасы