-A A +A

Азаматтармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

2017 жылдың 08 қараша күні Ескелді аудандық Әділет басқармасында Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлерінің қатысуымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында, кәсіпкерлерге қолданыстағы Заңнама нормалары, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібі,   бизнесті жүргізу және дамытуға бағытталған рәсімін оңайлату бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жүргізілді.

 

                                                              Ескелді аудандық Әділет басқармасы