-A A +A

Ауылдық елді мекенде тұратын халыққа құқықтық көмек көрсетілді

2017 жылғы 09 қараша күні Қапшағай қаласы Әділет басқармасының қызметкерлері ақпараттық – насихаттау тобымен бірлесе Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округіне халыққа құқықтық көмек көрсетіліп, «Нұр Отан» партиясының өкілі, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - ауылдық елді мекенде тұратын халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында барлық қатысушылар арасында жаңа заңнамалар «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң  жобалары талқыланды.

Іс - шараны қорытындылай келе барлық қатысушыларға «Дауды реттеу жөніндегі сіздің жол көрсеткішіңіз», «Кәсіпкердік дауларды шешу үшін не білуіңіз қажет», «Мұраны рәсімдеу барысында не білуіңіз қажет», «Тұрғын үйге меншік құқығын қалай тіркеу керек», сонымен қатар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына құқықтық түсіндірме жадынамаларын таратылды.

 

Қапшағай қаласы Әділет басқармасы