-A A +A

Ауыл тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетілді

2017 жылдың 9 қарашасында Көксу аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен, нотариустар мен адвокаттардың қатысуымен Балпық ауылдық округінде  тұрғындарына тегін заң көмегі көрсету аясында  ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен құқықтық кеңес беру.

Іс-шара барысында заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығын электрондық түрде тіркеу, адвокаттардың халыққа қызмет көрсетуі бойынша сұрақтарға кеңестер беріліп, сондай-ақ, келген азаматтардың барлық қойған сұрақтары бойынша заңнамаға сай тегін заң көмегі көрстетілді.

 

                                                           Көксу аудандық Әділет басқармасы