-A A +A

Атқарушылық өндірісін қамтамасыз ету басқармасымен акция өткізілді

2017 жылдың 29 маусым айында Алматы облысы Әділет департаментінің Атқарушылық өндірісін қамтамасыз ету басқармасы «Мемлекеттік қызмет көрсетеміз!» атты акция және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда, сот шешімдерін орындау Әділет органдарына бағынысты мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзырында екендігі баршамызға мәлім.

Бүгін, Әділет департаментімен «Мемлекеттік қызмет көрсетеміз!» акциясы ұйымдастырылып, халық саны көп жерлерде, халыққа Әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бір түрі, атқарушылық құжатын арызданушының (талапкердің) арызының негізінде қозғау тәртібі,

сонымен қатар, тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін лицензия (рұқсат) алу тәртібі туралы, сондай-ақ, негізгі қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.