-A A +A

Ашық есік күні өткізілді

29 маусым 2017 жылы Панфилов аудандық  «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында жекеше нотариус, адвокат және аумақтық  сот орындаушылар бөлім басшысы, құқық қорғау қызметкерлері, қоғамдық және саяси ұйым басшылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты-азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық кеңес беру.

Сонымен қатар, барлық өтініш білдірген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Панфилов аудандық Әділет басқармасы