-A A +A

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

        

2018 жылдың 11 қаңтарында Қаратал аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының қатысуымен «Нұр  Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.

Сонымен қатар, өтініш білдірген азаматтарға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша кеңестер беріліп, тұрғындар тарапынан жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

 

Қаратал аудандық әділет басқармасы