-A A +A

Ашық аспан астында

2017 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы Әділет департаменті Талдықорған қаласында «Жастар» саябағында  «Ашық мемлекет» тақырыбында облыс бойынша өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараның мақсаты – халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Әділет органдарының жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, апостильдеу, жеке сот орындаушылар, адвокатура және  нотариат салалары бойынша облыс тұрғындарына ақпараттық кітапшалар ұсынылып, жадынамалар таратылды.

 

Алматы облысы Әділет департаменті