-A A +A

Алматы облысында жеке сот орындаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 15 маусымында Алматы облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен  Алматы облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында жеке сот орындаушылар  палатасының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты сот актілерін сапалы әрі дер кезінде орындауды қамтамасыз ететін жеке сот орындаушылар институтын дамыту.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары Б.Төреханов Қазақстан Республикасының заңнамасындағы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жеке сот орындаушылардың әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

 

 

Алматы облысы Әділет департаменті