-A A +A

Алматы облысында «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өткізілді

2017 жылдың 23 қарашасында Алматы облысының Әділет департаменті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп  «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясын өткізді.

           Акцияның мақсаты: азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер беру.

Акция  барысында Алматы облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының  Заңдарының  жобалары бойынша  негізгібағыттарын  халықтың назарына жеткізді.  

Акцияға қатысқан азаматтар жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, азаматтардың хал-актілерін тіркеу және апостильдеу, зияткерлік меншікті қорғау, сот актілерінің орындалуы туралы, сонымен қатар,   адвокаттар мен нотариустарға және жеке сот орындаушыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына қатысты мамандар тарапынан нақты құқықтық көмектер алды.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясына белсене атсалысқандары үшін адвокат, нотариус және жеке сот орындаушына алғыс хаттарымен  марапатталды.

 

Алматы облысының Әділет департаменті