-A A +A

Алматы облысы Әділет органдарының кезекті Үйлестіру кеңесі өткізілді

2017 жылдың 27 қараша айында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы М.М. Қаныбековтың төрағалығымен Алматы облысы Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. 2017 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы түрде нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдарға жасалған талдаудың қорытындысы туралы.

2. Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді тіркеу жағдайы туралы.

3. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының талаптарын сақтау бойынша  жылжымайтын мүлікке  тыйым салу және тыйым салуды босату жөнінде қаулыларды жолдау  туралы.

4. Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің шақыртылуымен  заңды тұлғаларды тарату туралы мәселелерді талқылау туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы  А.Т. Дауылбаева, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы  Ж.М. Инкибаева жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Е. Ешенов,  заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Д.Б. Бекетов баяндады.

Отырыстың қорытындысы бойынша әділет органдарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

 

Алматы облысы Әділет департаментінің

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі