-A A +A

Алматы облысы Әділет департаментінде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 29 маусымында Алматы облысы Әділет департаментінің  Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімімен  «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Талдықорған қалалық  бөлімінің консультанттары, Алматы облысы бойынша монополияға қарсы күрес инспекциясының  өкілі, Алматы облыстық  «ҰАТ» АҚ-ның өкілі, Аудандық  (қалалық) Әділет басқармаларының заңды тұлғаларды тіркеу саласының  жауапты  қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және ұсынылған хабарламаларды қарастыру кезінде  монополияға  қарсы  күрес  инспекциясының келісімін қажет ететін жағдайлар; бизнес-сәйкестендіру номерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларына енгізілген өзгерістер; заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуде тіркеуден бас тарту және тіркеу мерзіміне үзіліс жариялау туралы бұйрықтардың  санын  азайту мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды .