-A A +A

Алматы облысы Әділет департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

2017 жылдың 29 маусымында Талдықорған қаласында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында Әділет департаменті қызметкерлерімен, адвокаттармен және жекеше нотариустармен 47-ге жуық азаматтарға мұрагерлікті рәсімдеу, банктік келісім шартты даулау, сыйға беру, келісім шартын жарамсыз деп тану, алиментті өндіріп алу, жылжымайтын мүлікке құқықтық құжаттарды қалпына келтіру сияқты азаматтық және қылмыстық заңнамалар саласындағы   сұрақтар бойынша құқықтық кеңес көрсетілді.

Сонымен қатар, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету, жеке меншік құқығы, даулы мәселелерді шешу жолдары, мұрагерлікті рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жадынамалар таратылды. 

 

 

 Алматы облысының Әділет департаменті