-A A +A

Алакөл ауданында оқыту семинары өткізілді

2018 жылдың 11 қаңтарында Алакөл аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Алакөл аудандық білім бөлімі» ММ мен бірлесіп аудан көлемінде орналасқан 45 мектептің информатика пәні мұғалімдері ХҚКО қызметкерлері, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту бойынша баламалы мемлекеттік қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті алушылармен байланысуды шектеуді мемлекеттік органдарға қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту мақсатында семинар өткізілді.

Семинар барысында Әділет басқармасының басшысы әділет органдары қызметінің негізгі түрлері бойынша, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, олардың филиалдарының өкілдіктерін тіркеу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар  берілді. Аталған бағыттағы жұмыс мемлекеттік мекеме жұмысының оң нәтижесі ретінде бағаланды, жадынамалар таратылды.

 

Алакөл аудандық Әділет басқармасы