-A A +A

Алакөл аудандық Әділет басқармасымен дөнгелек үстел өткізілді

2017 жылғы 8 қарашада Алакөл аудандық Әділет басқармасында Мемлекеттік кадастр және техникалық инспекцияның мемлекеттік корпорациясының басшысы және сәулет,  қала құрылысы басқармасының өкілдерімен жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құжаттарын  реттеу  тәртібі  туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты заңдардың дұрыс қолданылуы, иесіз мүлік ретінде есепке алу негіздері  мен оларға қатысты қойылатын талаптарды.

Дөңгелек үстел барысында, Әділет басқармасының маманы аудиторияны жергілікті өзін-өзі басқарудың тәуелсіз бюджетін және коммуналдық меншіктерін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен, сондай-ақ жылжымайтын мүлік тіркелімі, мемлекеттік деректер қорын жаңарту қажеттілігі туралы таныстырды.