-A A +A

Жаңалықтар

Алматы облысында «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өтті

19.01.2018 жылы Алматы облысының Әділет департаментінің, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы өтті.

Акцияның басты мақсаты - азаматтар мен заңды тұлғаларға әділет органдарының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер беру.

Тұрғындармен көшпелі кездесу

2018 жылдың 16 қаңтарда  Жамбыл аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің ұйымдастыруымен, нотариустармен, сот орындаушылармен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалымен бірлесіп Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.

Шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,  мұрагерлікті қабылдау және алимент өндіру бойынша сұрақтар көтеріліп, қатысушылармен   қойылған барлық сұрақтарға толық және нақты жауаптар берілді.

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және болдырмау

16 қаңтар 2018 жылы Ескелді аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелерімен аудандық ішкі істер басқармасының, К.Шестакова атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен "Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және болдырмау туралы" дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - жастар арасында экстремисттік әрекеттерді болдырмау, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, отанға деген махаббат, жастар арасында қызмыстылықтың алдын алу, әртүрлі этностардың әдет-ғұрпына жастарды құрметке баулу, қазақстандық халықтың тұрақтылығы, гүлденуі және ынтымақтастығы.

Ескелді аудандық Әділет басқармасында дөңгелек үстел өткізілді

16 қаңтар 2018 жылы Ескелді аудандық Әділет басқарамасында аудандық ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - құқықтық жүйені дамыту, алдыңғы уақытта оны халықаралық құқықтың жалпы қабылданған принциптеріне және нормаларына сәйкес келтіру.

Төртінші өнеркәсіптік революция

2018 жылдың 15 қаңтарында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауы Балқаш аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері  ауыл тұрғындарының арасында кеңінен талқылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

2018 жылдың 15 қаңтарында Ескелді аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімі инспекторларының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметті көрсету бойынша регламенттер мен стандарттардың талаптарын сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Семинар нәтижесінде  қатысушылар жұмысты жақсарту жөнінде және өзара тығыз қарым-қатынаста  бірлесіп жұмыс жасауға өз ұсыныстарын айтып өтті.

 

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасында жеке және заңды тұлғалармен кездесу өткізілді

 2018 жылдың 16 қаңтарында Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің қатысуымен әділет органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдерді даулау мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалармен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты - жеке және заңды тұлғалармен әділет органдарының және лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдерді даулау мәселелері бойынша кездесу өткізу.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

2018 жылдың 19 қаңтарында сағат 10-00-де Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы өткізіледі.

Акцияның ұйымдастырушылары: Алматы облысы Әділет департаменті мен аудандық, қалалық Әділет басқармалары және «Нұр Отан» партиясы.

Акция барысында  Әділет органдарының мамандары   жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, азаматтардың хал-актілерін тіркеу және апостильдеу, сот орындаушылар қызметі туралы халыққа құқықтық көмек көрсетеді.

Текелі қаласының Әділет басқармасымен семинар өткізілді

         2018 жылдың 15 қаңтарында Текелі қаласының Әділет басқармасының қызметкерлері Қазақстан заңгерлер одағының мүшелері, «Дана - Секьюрити», «Текели Кондитер» ЖШС - нің, қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді. 

       Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында тауар белгісінің ұғымын және тауар таңбалары туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру және кәсіпкерлердің құқытық мәдениетін жоғарлату болды.  

Тауар таңбасы заңмен қорғалады

12 қаңтар 2018 жылы Ескелді аудандық Әділет басқарамасында  «Тауар таңбасы заңмен қорғалады» тақырыбында аудандық кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты- қатысушыларға  Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң нормалары және заң талаптарын түсіндіру.

Туындаған сауалдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

 

Ескелді аудандық Әділет басқармасы

Азаматтарды қабылдау өткізілді

2018 жылғы 11 қаңтарында Балқаш аудандық Әділет басқармасының басшысы, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Б.Раисов «Нұр Отан» партиясының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдаудың мақсаты – ауыл тұрғындарында туындайтын басты мәселелерге заң нормаларына сәйкес жауаптар беру.

Қабылдауда жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша сұрақтар қаралып, толықтай жауаптар берілді.

 

Балқаш аудандық Әділет басқармасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау

        2018 жылдың 12 қаңтарында Қаратал аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің «Нұр  Отан» партиясының ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция» жолдауын талқылау отырысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және жеке кәсіпкерлерге Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін түсіндіру.

«Ашық есік күні» акциясы өткізілді

        

2018 жылдың 11 қаңтарында Қаратал аудандық Әділет басқармасының, Қазақстан заңгерлер одағы мүшелерінің және Халыққа қызмет көрсету орталығының директорының қатысуымен «Нұр  Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Іс-шараның  мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.

«Адам саудасы» тақырыбында семинар өткізілді

2018 жылдың 11 қаңтарында Ескелді  аудандық Әділет басқармасында аудандық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен бірлесіп «Адам саудасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - адам саудасымен байланысты қылмыстарға қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын-алу және Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіне және Қазақстан Республикасының  Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарау болып табылды.

Семинар соңында қатысушыларға қатысушылардын қойылған сұрақтарына толықтай жауап берілді.  

                     

Кербұлақ аудандық Әділет басқармасымен «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдау өткізілді

 2018 жылдың 11 қаңтарында  Кербұлақ аудандық Әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Умаров «Нұр Отан» партиясының 2018 жылға арналған азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтарды қабылдады.

Қабылдаудың мақсаты - азаматтарда жиі туындайтын сұрақтарға заңнама нормаларына сәйкес жауаптар беру және Әділет органдарының қызметі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қабылдауда жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тарату мәселелері бойынша сұрақтар қаралып, қанағаттанарлықтай жауаптар берілді.

 

 

Беттер