-A A +A

Нормативтік құқықтық актілер

Алматы облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша 2017 жылдың қаңтар айынан 17 ақпаны аралығында атқарған жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

          Алматы облысы Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі осы есеп беру кезеңінде келесідей жұмыстар атқарды:

         Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылдың қаңтар айынан 17 ақпан аралығында мемлекеттік тіркеуге – 91 нормативтік құқықтық акті (бұдан әрі-НҚА) ұсынылған,  оның ішінде облыстық деңгейде – 7, аудандық, қалалық деңгейде – 84. (2016 жылы 28 НҚА қарауда қалған).